Алдағы 2 жылда Түркістан және Жамбыл облыстарында каналдар автоматтандырылады

0
97

Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.


Алдағы 2 жылда Түркістан және Жамбыл облыстарында каналдар автоматтандырылады

ERNUR.KZ. Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады. Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректерді Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау жоспарда бар. Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырды. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді»,– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.