Қайғылы оқиға Қандыағаш қаласына жақын жерде болды.
фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында екі Toyota Camry соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қайғылы оқиға Ақтөбе – Астрахань автожолының 94-шақырымында, Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласына жақын жерде болды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жылдамдығын қауіпсіз деңгейде таңдауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.


