Ақтаудан Ыстанбұлға әуе рейстері қатынайды

0
139

Рейстер тұрақты негізде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.


Ақтаудан Ыстанбұлға әуе рейстері қатынайды

фото: Пресс-служба FlyArystan

ERNUR.KZ. Ақтаудан Ыстанбұлға қатынайтын рейстер қайта жанданады, деп жазады sputnik.kz.
FlyArystan әуе компаниясы "Ақтау – Ыстанбұл" бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады. Ақтаудан алғашқы рейс 22 қазанда орындалады. 27 қазаннан бастап рейстер тұрақты негізде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.
"Сейсенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:40-та ұшып, Ыстанбұлға сағат 10:35-те жетеді. Кері рейс Ыстанбұлдан сағат 11:40-та ұшып, Ақтауға сағат 17:05-те қонады. Сенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:35-те ұшып, Ыстанбұлға сағат 10:30-да келеді. Кері рейс Ыстанбұлдан сағат 11:15-те ұшып, Ақтауға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:40-та қонады", - дейді әуе компаниясында.
Бұған дейін әуе компаниясы "Ақтау – Ереван – Ақтау" бағыты бойынша тікелей рейстердің қайта жанданатынын хабарлаған болатын. Армения астанасына рейстер 16 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады.
Қазіргі уақытта FlyArystan халықаралық бғыттағы әуе рейстері Ақтаудан Кутаиси, Баку, Дубай, Батуми және Үрімшіге ұшады.