Ақтау маңында заңсыз тасымалданған 5,5 келі бекіре уылдырығы тәркіленді

0
79

Көліктегі үш адам полиция бөліміне жеткізілді.


Ақтау маңында заңсыз тасымалданған 5,5 келі бекіре уылдырығы тәркіленді

Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Бекіре уылдырығының заңсыз айналымына қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп жазады baq.kz.

Маңғыстау облысында полиция бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын заңсыз айналымға шығару дерегі бойынша үш адамды ұстады.

Полиция мәліметінше, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында Toyota 4Runner автокөлігі тоқтатылған. Көлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 5,5 келі болатын 10 ыдыс бекіре уылдырығы табылып, тәркіленді.

Көліктегі үш адам полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 3000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар ұсталғандардың бірінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Оған қатысты әкімшілік материал толтырылып, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бекіре уылдырығының заңсыз айналымына қатысты тергеу жалғасып жатыр.