Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

0
161

Оқиға салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.


Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысында облыстық маңызы бар "Жолымбет-Пригородное" тасжолында көлік аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасына қатысты өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Жол апаты 19 сәуірде болған. Chevrolet маркалы автокөлік жолдан шығып кетіп, аударылған.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция өкілдері жол апатының алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе қозғалыс көп учаскелерде абай болуды және автокөліктің техникалық жағдайын қадағалап тұруды ескертеді.