Ақмола облысында сібір жарасының сегіз жағдайы расталған

0
143

Биылғы алты айда республика бойынша сібір жарасының 14 расталған жағдайы тіркелген.


Ақмола облысында сібір жарасының сегіз жағдайы расталған

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырғандар саны артты. Науқастардың бірі ауыр жағдайда жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың мәліметінше, соңғы деректер бойынша Ақмола облысында сібір жарасының зертханалық расталған 8 жағдайы тіркелген.

"Науқастар тиісті ем қабылдап жатыр, олардың бірінің жағдайы тұрақты ауыр, Көкшетаудағы Жұқпалы аурулар орталығында стационарлық ем алып жатыр. Сібір жарасының зертханалық расталған жағдайлары арасында медицина қызметкерлері тіркелмеген", – делінген Бейсенованың қолы қойылған комитет жауабында.

Ведомство мәліметінше, ауру ошағында толық көлемде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

"Биылғы алты айда республика бойынша сібір жарасының 14 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде Ақмола облысы бойынша – 8 жағдай. Сібір жарасынан қайтыс болғандар тіркелген жоқ", – деді комитет өкілі.