Ақмола облысында сауықтыру лагерінде балалар уланып қалды

0
94

Оқиға орнына санитарлық дәрігерлер барған, қазір тексеру жүріп жатыр.


Ақмола облысында сауықтыру лагерінде балалар уланып қалды

фото: Sputnik / Александр Кряжев

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Біржан сал ауданында білім беру-сауықтыру орталығында балалар уланып қалды, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Біржан сал ауданындағы лагерьден улану белгілері бар 4 бала ауруханаға жеткізілген. Балалар құсып, дене қызулары көтеріліп, іштері өткен.
"Балалар инфекция бөлімінде емделеді. Жағдайлары тұрақты, ем толық көлемде қабылданады", - дейді дәрігерлер.
Тағы екі бала дәрігерлер бақылауында, олар лагерьге қайтарылған.

Әлеуметтік желіде балалар Біржан сал ауданындағы "Lingvo Camp" балалар білім беру-сауықтыру орталығында демалғаны айтылып жатыр. Оқиға орнына санитарлық дәрігерлер барған, қазір тексеру жүріп жатыр.