Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды

0
118

Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Жабай ауылының маңында салынып жатқан кірпіш зауытына тексеру жүргізді.


Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды

Сурет: polisia.kz

ERNUR.KZ. Тексеру барысында объектінің құрылыс жұмыстарында Қытай Халық Республикасының 75 азаматы еңбек ететіні анықталды, деп жазады zakon.kz.

Шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуының, сондай-ақ олардың еңбек қызметін жүзеге асыруының заңдылығын және қажетті рұқсат құжаттарының болуын тексеру мақсатында барлық 75 азамат Целиноград ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

"Қазіргі уақытта анықталған фактілер бойынша тиісті іс жүргізу іс-шаралары жүргізілуде. Әкімшілік материалдардың әрқайсысы бойынша шешім заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданатын болады. Тексеру нәтижелері бойынша шетелдік азаматтарға қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны және еңбек қызметін қажетті рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісі ұйым басшысына қатысты әкімшілік хаттама жасалатын болады", делінген полиция хабарламасында.