Ақмола облысында Mercedes қағып кеткен 8 жасар қыз көз жұмды

0
127

​Қайғылы оқиға кешкі уақытта болған. Жасөспірім жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Полиция жүргізушіні қамауға алды.


Ақмола облысында Mercedes қағып кеткен 8 жасар қыз көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Макинск қаласында жол-көлік оқиғасы болып, 8 жасар жаяу жүргінші қаза тапты, деп жазады baq.kz.

Оқиға 7 қыркүйек күні шамамен сағат 18:00-де Макинск қаласындағы Московская көшесінде болған.

Полицияның мәліметінше, Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз алған жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда ол ауруханада көз жұмған.

Mercedes көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Ақмола облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.