Әкімшілік амнистия аясында азаматтардың айыппұлдары толық немесе ішінара кешіріледі

0
151

Әкімшілік амнистия кезінде қандай жеңілдіктер жасалатыны белгілі болды.


Әкімшілік амнистия аясында азаматтардың айыппұлдары толық немесе ішінара кешіріледі

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Әкімшілік амнистия аясында азаматтардың айыппұлдарын толық немесе ішінара кешіру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлім етті, деп жазады sputnik.kz.

Әкімшілік рақымшылық туралы заң қабылданғаннан кейін тиісті шаралар қолға алынады.
"Рақымшылық шеңберінде жеке тұлғалардың орындалмаған айыппұлларын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесін қарау жоспарланып отыр. Мұндай адамдардың санаттары айыппұлдың мөлшері мен есептен шығару тәртібі заң жобасын әзірлеу барысында уәкілетті органдармен толық пысықталатын болады", - деді Сәденов.
Осы орайда министр әкімшілік амнистияға іліге алмайтын санаттарды да атады. Олар:
террористер, экстремистер мен жемқорлар;
кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қылмыс жасағандар;
азаптау қылмыстарын жасаған адамдар;
рецидивистер мен іздеуде жүргендер.
Премьер-министр екі апта ішінде рақымшылық жасау бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.
"Ішкі істер және әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізсін", - деді Бектенов.
Бұған дейін президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеген болатын. Оны ел тарихында алғаш рет өткізеді.