Әкімдіктердің объектілік ауқымдағы төтенше жағдайларды жариялау жөніндегі өкілеттігі кеңейтілді

0
115

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖ алдын алу шараларын күшейту, орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖМ құрамында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды.


Әкімдіктердің объектілік ауқымдағы төтенше жағдайларды жариялау жөніндегі өкілеттігі кеңейтілді
ERNUR.KZ. Бұл мемлекеттік ден қою жүйесін нығайтуға және халықты қорғауға бағытталған маңызды қадам. Осыған байланысты ТЖ министрлігіне орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша осы бақылау функциясы қосымша беріледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша жылжымайтын мүлік объектілері ретінде құқықтық кадастрда қорғаныс құрылыстарын тіркеу енгізілуде. «Қарапайым пана» деген жаңа ұғым енгізілуде, олар негізінен жерасты паркингтері мен жертөлелер, түрлендірілген және халықты қорғауға арналған.

«Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың тиімді жүйесі үшін заңда қосымша механизмдер қарастырылған. Жаһандық және өңірлік төтенше жағдайлар болған кезде Үкімет жанынан Республикалық жедел штаб құрылады. Оның құзыретіне инфрақұрылымды қалпына келтіру, күштер мен құралдарды тарту, өтемақысын төлеу, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ іс-шаралардың орындалуын бақылау мәселелерін шешу жөніндегі міндеттер енгізіледі. Әкімдіктердің объектілік ауқымдағы төтенше жағдайларды жариялау жөніндегі өкілеттігі кеңейтілді. Әкімдіктерге дала өрттерін сөндіруге қатысушыларды материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша функциялар беріледі»,-деді вице-министр.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аумақтық азаматтардың жетуі қиын туристік орындарда жүру бағыттары туралы ақпаратты төтенше жағдайлар қызметіне алдын ала хабардар ету керек. Осы норманың енгізілуі туристік сапардан белгіленген уақытта оралмау жағдайында іздестіру-құтқару іс-шараларын жедел ұйымдастыруға және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар заңда мемлекеттік материалдық резерв жүйесін орталықсыздандыру туралы норма қарастырылған. 2027 жылдан бастап жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын басқару функциялары тиісті салада жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органдарға берілетін болады.