Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы №46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Алаяқтық жасағаны үшін сотталған "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады, деп жазады tengrinews.kz.
Биыл 2 мамырда сотқа сотталушыдан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түскен.
"Бұл өтініш әлі қаралған жоқ", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы №46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Абылай Мырзахметов туралы не белгілі?
2024 жылы мамырда ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға сотталды. Жазасын өтеу үшін Абылай Мырзахметов Павлодар облысына жіберілді.
Ол 2013 жылдан бастап "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы болды. 2022 жылы ақпанда Мырзахметовтің ҰКП басшысы өкілеттігі тоқтады.
2002 жылы Абылай Мырзахметов көлік және коммуникациялар министрі қызметін атқарды. Бірақ кейінірек сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікке ілініп, шеттетілді. 2003 жылы ол шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды.