Абай облысында сотталушы қамаудан қашып кетті

0
104

Ол жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін жазаның өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылған.


Абай облысында сотталушы қамаудан қашып кетті

© Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Абай облысында қамауға алынған сотталушы изолятордан қашып кеткен. Полиция оның ұсталғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Сотталушы осыдан бес жыл бұрын шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын. Биыл маусым айында жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін жазаның өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылған.

"Серуендеу кезінде сотталушы уақытша ұстау изоляторының аумағынан заңсыз шығып кеткен. Бірақ шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", - дейді полицейлер.


Қазіргі кезде қызметтік тексеріс басталды. Сотталушының жаза мерзімі де ұзартылады.

Айта кетері, желіде тараған бағыттама бойынша 31 жастағы ер адам бұған дейін Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотталған болатын. Осы қылмыс үшін бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.