243 млн теңге: шәкіртақыны өз қажетіне жұмсаған бас есепші сотталды

0
103

Қылмыстық іс Маңғыстау аудандық сотында қаралды.


243 млн теңге: шәкіртақыны өз қажетіне жұмсаған бас есепші сотталды

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл факті облыстық прокуратураның Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне жүргізген тексерісі кезінде анықталды.
"Бас бухгалтер 243 млн теңге көлемінде іссапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аударып, бюджет қаражатын жымқырған", - дейді ведомстводағылар.
Қылмыстық іс қозғалып, арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Қылмыстық іс Маңғыстау аудандық сотында қаралды.

"Сот үкімімен колледждің бас есепшісі 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды", - дейді облыстық прокуратурадағылар.