Халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды.
Фото: polisia.kz
ERNUR.KZ. Зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Ыстамбұлда ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды.
"Ол 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, жалпы құны 156 миллион теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.
ІІМ мәліметінше, 27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынған.


