​14 жастағы жасөспірімнің өлімі: Ақтөбеде 6 оқушы сотталды

0
114

Былтыр Ақтөбенің Қопа ауылында жанжалдан соң оқушы көз жұмған еді.


​14 жастағы жасөспірімнің өлімі: Ақтөбеде 6 оқушы сотталды

Фото: Алтынай Сағындықова

ERNUR.KZ. Үш оқушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш оқушы жазасын бостандықта жүріп өтейді, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқушы Нұржан Сыдықтың өліміне қатысты іс қаралды. Сотталушылардың бәрі де Қопа орта мектебінің 10 және 11 сынып оқушылары. Оларға Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», «Бұзақылық», «Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi» баптары бойынша айып тағылды.

Сот үкімімен 10 сынып оқушысы 6 жыл 8 айға, 11 сыныптың екі оқушысы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Тағы үш сотталушы Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оларға 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігімен және 106-бабы 3-бөлігімен көзделген қылмыстық құқықбұзушылық дәлелденбей, бұл баптар бойынша үшеуі де ақталды. Үш сотталушы да – 11 сынып оқушылары. Олар сот залынан босатылды.
Сот үкімімен азаматтық талап-арыз ішінара қанағаттандырылды. Сотталушылардың бірінің заңды өкілі жәбірленуші тарапқа 5 млн теңге моральдық өтемақы төлейді. Сонымен бірге сотталушылар үлестік тәртіпте 2 млн теңге өкілдің көмегіне кеткен шығынды өтеуі тиіс. Талап арыздың бір бөлігін талап қоюшының өздері алып тастады.
Сотта судья Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысына және Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығына жекеше қаулы шағарды.
Еске салсақ, былтыр Ақтөбенің Қопа ауылында жанжалдан соң оқушы көз жұмған еді.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Ақтөбе облысы Қопа ауылына барып, мектепте сауалнама жүргізіп, әлемжеттік бар екенін анықтаған.
Қылмыстық істі тергеу кезінде екі рет бабы ауыстырылды. Қаңтарда тергеу аяқталып, іс танысу үшін тараптарға берілді.
Биыл ақпан айында оқушы өліміне қатысты іс сотқа түсті.