​Күйеу балаға «төс», қызға «құйымшақ» тартудың мәнін білесіз бе?

0
177

Халқымыздың «құйысқанды құйымшақ сақтайды, құйымшақ күшті болса, құйысқан белді болады» деген сөзі де бекер емес-ау.


​Күйеу балаға «төс», қызға «құйымшақ» тартудың мәнін білесіз бе?

ото: tengrinews.kz

Қыз ұзатып, келін түсіріп, екі рулы ел бір-бірімен құдаласып, қыз алысып, қыз берісіп, думандатып, той-тойлайтыны ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі.

Қазақта қан тазалығына мән беріп, жеті атадан аспай, қыз алысып, қыз беріспеген халық. Сондықтан, екі рулы елді бір-бірімен туыс қылатын қыздың орны ерекше.

«Қыз - жат жұрттық», «қыз - қонақ» деп қыз баланы мәпелеп, алақанында аялап, төріне шығарған дана халықпыз. Сондықтан, құданы құдайындай сыйлайтын халықтың, күйеу балаға да, жат жұрттық болып ұзатылған қызына да жасалатын кәделері мен сыйлары бар.

Қазір де ол үрдісм жалғасып келеді. құдаға тартылатын сый табағы өз алдына, бұл жайлы білмейтін қазақ жоқ шығар. күйеу балаға да алғаш рет қайынжұртының табалдырығн аттап келген кезінде «төс» тартылады. Төс тартудың да өзіндік мағынасы бар. Ал, ұзатылған қыз төркініне алғаш рет келгенінде оған да тартылатын табақ түрі бар. Ол – құйымшақ.


Қызға құйымшақ берілуінің мәнін тереңінен түсіндіріп беретін көненің көзін көргендер де, әлеуметтік желілерде де ақпараттар мүлдем жоқтың қасы десек те болады.

«Қыз балаға құйымшақ берілмейді, әйтпесе, құйымшақ секілді жеңіл болады, ұшқалақ болады» деген наным-сенім де бар ел арасында. Алайда, ара- жігін ажыратып алу керек, қыз балаға емес, өз үйінен кетіп, келіншек атанған, өзге әулеттің түтінін түтетіп, ұрпағын жалғастыруға кеткен қыз төркіндеп алғаш келгенде берілетін сыбаға.

Қазақ ежелден тегіне тереңінен үңілген, ДНҚ-ның не екенін білген халық. Аңыздарға сүйенсек, жаугершілік секілді қиын замандарда қыз бала жоғалып, із-түзсіз кеткен жағдайлар жиі кездескен.

Тіпті, сүйегі табылған күннің өзінде сол әулеттің қызы ма, әлде басқа әулеттің қызы ма белгісіз еді.

Сондай кездерде табылған сүйекке қыздың ата-анасы мен бауырлары, туысы 1 тамшы қанды тамызған. Туыстық қатынасы бар құйымшақ жеп өскен қыздың сүйегі қанды сіңіріп алса, туыстары сол әулеттің қызы екенін бірден танып, арулап жерлеген.

Қан жағынан туыстығы жоқ қыз баланың сүйегі қанды сіңірмеген. Қазақ халқының қандай дана болғанын осы бір мысалдан-ақ білуге болады.

Халқымыздың «құйысқанды құйымшақ сақтайды, құйымшақ күшті болса, құйысқан белді болады» деген сөзі де бекер емес-ау.

Күйеу балаға төс тартып, қыз балаға құйымшақ беруінің себебі көтерген баласы бауырына тастай болып жабысып, түсіп қалмасын, ұрпағы көп болсын, өсіп-өнсін деген мағынаға саяды. Қыз балаға құйымшақ береді, өйткені ұрпақ даму үшін.

Адам баласының құрсақтағы жара­тылысы мен дамуы құйым­шақтан басталатынын көпшілік біле бермейтіні рас. Адамның осы аталған мүшесі шірімей, Қиямет күніне дейін сақталатынын да біреу білсе, біреу білмес. Сон­дықтан құйымшақ - денедегі ең мық­ты сүйек. Мұның қасиеті туралы біле жүр­геніңіз абзал.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

КӨҢІЛ ШАЙ, ШАШУ ШАЙ: шай берудің қандай түрлері бар


«Шарана шайқау» қандай дәстүр