​Шоколад қосылған классикалық печенье

0
181


​Шоколад қосылған классикалық печенье

Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. ұн
  • 100 гр. 72,5%-дық сары май
  • 100 гр. сүтті шоколад
  • 70 гр. қант
  • 1 дана жұмыртқа
  • 10 гр. қамыр қопсытқыш
  • Шым-шым тұз
  • 1 гр. ванилин

Дайындалу тәсілі:

Жұмыртқа мен сары майды алдын ала тоңазытқыштан шығарып қою керек. Сосын сары май мен қантты араластырып, жақсылап көпіршітесіз.

Осы араласпаға жұмыртқаны салып, ары қарай араластыру керек.

Шоколадты бірнеше бөлікке бөліп, дайындап қойыңыз.

Ал ұн мен қамыр қопсытқышты араластырып, тұз, ванилин қосуды ұмытпаңыз.

Осылайша дайындалған құрғақ араласпаны майға қосып, біркелкі массаға айналғанша араластыру керек. Шоколадты тағы бір араластырып жібересіз де, дайын қамырды тоңазытқышқа салып қойыңыз.

15 минуттан соң қамырды алып, күлшелерді жасайсыз. Печеньенің қалыңдығы 1-1,5 см болғаны дұрыс. Күлшенің жан-жағын стақанмен немесе дөңгелек кольцамен кесіп тастайсыз. Сонда дөп-дөңгелек күлшелер дайын болады.

Пешті 180-200 градусқа дейін қыздырып, күлшені саласыз. 15-20 минутта печенье пісіп шығады. Суыған соң күлшелерді жей беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Балық пен картоптан дәмді котлет әзірлеуге болады