Өте дәмді СТЕЙКті үйде пісіріп көріңіз

0
1 168


Өте дәмді СТЕЙКті үйде пісіріп көріңіз


Қажетті қоспалар:

  • 600 гр. сиыр еті
  • 4 ас қасық зәйтүн майы
  • 2 ас қасық соя соусы
  • 2 тіс сарымсақ
  • Жалбыз, тимьян
  • Ақжелкен
  • Дәміне қарай тұз, қара бұрыш


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен маринадты дайындап аласыз. Ол үшін өсімдік майы мен зәйтүн майын, соя соусын блендермен бір араластырып аламыз.
  2. Аскөктерді жуып, кептіріп, блендерге салып, майлармен араластыру керек.
  3. Сарымсақтың қабығын аршып, майдалап турайсыз. Осылайша туралған сарымсақты блендерге салып, ұнтақталған бұрыш пен дәмдеуіштерді қосып, барлығын блендермен біркелкі болғанша майдалаймыз.
  4. Дайын маринадты етке жақсылап жағып аласыз. Содан соң етті пакетке салып, бөлме температурасында 1 сағаттай ұстайсыз. Осы уақыт аралығында дәмдеуіштер етке сіңеді. Сосын тоңазытқышқа бірнеше сағат салып қоясыз.
  5. Табаны қыздырып, етті салып пісіреміз.
  6. 4-5 минут табаның қақпағын ашып пісіресіз, содан соң екінші бетін аударып, тағы да 7-8 минут пісіресіз. Етті тағы бір аударып, 5-10 минуттай қурырыңыз да, тәрелкеге салып, бетін фольгамен жауып, 10 минут қоя тұрыңыз.
  7. Енді етті жей беруге болады. Өте дәмді әрі тез дайындалатын стейк кешкі асқа таптырмас тағам болары сөзсіз.

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Пәкістандық әдіспен дайындалған қатпарлы самса