Жерде магниттік дауыл басталды

0
84

6–8 қараша аралығында соңғы бір айдағы ең күшті геомагниттік ауытқулар байқалған.


Жерде магниттік дауыл басталды

Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ. Жерде G2.3 деңгейіне жеткен магниттік дауыл тіркелді, деп жазады BAQ.KZ.

Ресей Ғылым академиясына қарасты Күн астрономиясы зертханасы мамандарының мәліметінше, магниттік дауыл Мәскеу уақытымен түнгі үш шамасында басталған. Дауылға 5 және 6 қарашада болған Күн жарқылы себеп болған.

“ Ғаламшарды плазмалық бұлттардың шеті ғана шарпыды. Негізгі бөлігі, болжанғандай, Жерді айналып өткен сияқты , – деп түсіндірді зертхана мамандары.

6–8 қараша аралығында соңғы бір айдағы ең күшті геомагниттік ауытқулар байқалған. XRAS мамандары Күн белсенділігі әлі де жоғары екенін ескертіп, алдағы күндері жаңа магниттік дауылдар болу ықтималдығы сақталып отырғанын айтты.