Бұл жөнінде Украина парламентінің сайтында жазылған.
фото: Efrem Lukatsky
ERNUR.KZ. Владимир Зеленский Украинадағы жалпыға ортақ мобилизациялау мен әскери жағдайды тағы 90 күнге ұзарту туралы заңға қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл жөнінде Украина парламентінің сайтында жазылған.
Жоғарғы Рада депутаты Ярослав Железняк 14 қаңтарда Украина парламенті Украинадағы әскери жағдай мен мобилизацияны тағы 90 күнге, яғни 4 наурызға дейін ұзартуды қолдайтынын мәлімдеді.
Рада сайтында жарияланған мобилизация мен әскери жағдайды ұзарту туралы заң жобаларының тізімінде құжаттар Зеленскийдің қолымен қайтарылғаны көрсетілген.
Еске салайық, Украинада әскери жағдай 2022 жылы 24 ақпанда енгізіліп, келесі күні Владимир Зеленский жаппай мобилизация туралы жарлыққа қол қойды.
Соғыс жағдайы кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға Украинадан шығуға тыйым салынған. Елде мобилизация кезінде әскери қызметтен жалтарғандар бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.


