Зеленский Киевтің Германиядан екі Patriot жүйесін алғанын мәлімдеді

0
121

Владимир Зеленский Украинаның Германиядан екі Patriot жүйесін алғанын мәлімдеді.


Зеленский Киевтің Германиядан екі Patriot жүйесін алғанын мәлімдеді

фото: AP Photo / Efrem Lukatsky

ERNUR.KZ. Жексенбі күні Украина басшысы Киевтің Германиядан Patriot жүйелерін алғанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Мен Германияға алғыс білдіремін, олар жақында бізге екі Patriot жүйесін берді", - деді Зеленский Брюссельде Еуроодақты кеңейту мәселелері жөніндегі саммитте.
Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұған дейін Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Одақ Украинаға америкалық қару-жарақты жіберуге келіскенін, шығынды Еуропа көтеретінін мәлімдеген болатын. Болашақ жеткізілімге зымырандар ғана емес, Patriot батареялары да кіреді.
БАҚ мәліметіне сәйкес, Вашингтон Германияны бұрын келісілген көлемнен екі есе көп әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуға үндеп жатыр. Франция, Италия, Чехия, Венгрия және басқа да елдер бұл бастамаға қатысудан бас тартты.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.