​Зардап шеккендер бар: Түркияда 5,8 магнитудалық жер сілкінісі болды

0
206

Жер сілкінісінің ошағы Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 шақырым жерде орналасқан.


​Зардап шеккендер бар: Түркияда 5,8 магнитудалық жер сілкінісі болды

фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Жер сілкінісінің ошағы Эгей теңізінде орналасқан, деп жазады inform.kz.

Түркия Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар агенттігінің (AFAD) таратқан дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 67,91 шақырым.

Мугла губернаторы Идрис Акбыйыктың хабарлауынша, зілзаладан кейін биіктен үреймен секірген 34 адам жарақат алған. Ол сондай-ақ оқиға салдарынан Мармаристегі екі ғимаратта жарық пайда болғанын атап өтті.