Якутияда ауа температурасы -50 градусқа жетті

0
83

Якутияда аяз күшейді.


Якутияда ауа температурасы -50 градусқа жетті

Фото: РИА Новости/Болот Бочкарев

ERNUR.KZ. Өткен түнде ауа температурасы -50-қа дейін төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.

Таттин ауданында аяз 60 градусқа таяды. Мектеп оқушылары қашықтан сабақ оқиды.

Айта кетейік, Якутиядағы Верхоянск пен Оймякон әлемдегі ең суық елді мекендер саналады. Бұған дейін бұл өңірлерде сынап бағанасы 67 градусқа дейін төмендеген.

Синоптиктер алдағы қыс айлары әдеттегіден суық болады деген болжам жасап отыр.