Мемлекет басшысы мен Боливар революциясының жақтастары бір күн бұрын АҚШ қарулы күштерінің бомбалауы мен зымырандық шабуылдарына ұшыраған астананың көшелері мен алаңдарына қорықпай шықты.
Фото: Reuters
ERNUR.KZ. Шерулер Каракастың орталығында және елдің басқа қалаларында ұйымдастырылды, деп жазады inform.kz.
Каракастың орталығында АҚШ-тан Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флоресті босатуды талап еткен ереуіл өтіп, оған мыңдаған адам қатысты.
Мемлекет басшысы мен Боливар революциясының жақтастары бір күн бұрын АҚШ қарулы күштерінің бомбалауы мен зымырандық шабуылдарына ұшыраған астананың көшелері мен алаңдарына қорықпай шықты. Наразы жұрт Вашингтон әкімшілігін заңды түрде сайланған президент пен оның әйелін дереу босатып, отанына қайтаруға және Венесуэлаға қарсы қоқан-лоққыны тоқтатуға шақырды.
Осыған дейін АҚШ Венесуэлаға және оның көшбасшысы, президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізгені туралы жаздық. Нәтижесінде Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланды.
Жалпы Венесуэлаға қарсы әскери операцияға 150 бомбалаушы, жойғыш және барлау ұшағы қатысқан.


