Үндістанда ұшақты шұғыл эвакуациялау кезінде алты адам зардап шекті

0
102

Ұшақ бортында 232 адам болған.


Үндістанда ұшақты шұғыл эвакуациялау кезінде алты адам зардап шекті

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайда Swiss әуе компаниясының ұшағынан жедел эвакуация кезінде алты жолаушы жарақат алды, деп жазады BAQ.KZ.

Ұшақ ұшуға екпін ала бастаған сәтте қозғалтқыштың бірі істен шығып, артынан өрт тұтанған.

Экипаж ұшуды тоқтатып, жолаушыларды ұшу-қону жолағында шұғыл түрде эвакуациялау туралы шешім қабылдаған. Апаттық траптар қолданылған. Алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Әуе компаниясы оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізетінін мәлімдеді.