Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Фото: pexels
ERNUR.KZ. Түркияның Диярбакыр қаласында үш айлық қызын төртінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберді деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп жазады zakon.kz.
Habertürk газетінің мәліметінше, сәби ауыр жарақат алған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Белгілі болғандай, әйелде психологиялық мәселелер болған. Оқиға болған күні ол қайын атасының үйінде қонақта жүрген. Мұндай әрекетке не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Басылымның жазуынша, нәрестенің мәйіті сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жеткізілген.
Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.


