11 қарашада түріктің C-130 әскери-көлік ұшағы Гянджа әуежайынан ұшып шығып, Грузияның Сигнаги муниципалитетінде апатқа ұшырады.
Фото: havahaber.com
ERNUR.KZ. Әзербайжан-Грузия шекарасында апатқа ұшыраған C-130 әскери ұшағында болған барлық әскери қызметшінің мәйіті табылды, деп жазады inform.kz.
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі апатқа ұшыраған ұшақтың борт жазба құрылғылары (FDR) және CVDR, яғни «қара жәшікті» талдау үшін Түркияға жеткізілгенін және қазіргі уақытта Анкарада екенін атап өтті.
– 12 қарашадан бастап сақтық шарасы ретінде C-130 рейстері тоқтатылды. Егжей-тегжейлі техникалық тексерулерден кейін бекітілген ұшақтардың рейстері қайта басталады, - деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.
Түркия министрлігі сонымен қатар ресми мәлімдеме жасалмай тұрып, қайтыс болған әскери қызметшілер туралы жеке ақпарат таратқан аккаунттар анықталғанын хабарлады.
– Бұл адамдарға қарсы қылмыстық іс қозғалды, - деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қарашада түріктің C-130 әскери-көлік ұшағы Гянджа әуежайынан ұшып шығып, Грузияның Сигнаги муниципалитетінде апатқа ұшырады. C-130 Грузия аумағына кіргеннен кейін бірнеше минуттан соң, Әзербайжанмен шекарадан 5 км қашықтықта радардан жоғалып кетті.


