Түркия Газаның солтүстігіне орта мектеп салып берді

0
108

Мектеп толығымен ағаштан салынған.


Түркия Газаның солтүстігіне орта мектеп салып берді

Фото: newarab.com

ERNUR.KZ. Газа секторында Түркияның "Адам құқықтары мен бостандықтары гуманитарлық көмек қоры" (İHH) қаржыландырған, ағаштан салынған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді, деп жазады inbusiness.kz.

Салтанатты ашылу рәсіміне Газа секторындағы орта және жоғары білім министрінің орынбасары Махмуд Матар, Газа қаласының мэрі Яхья ас-Серрадж, İHH қорының Газадағы өкілі Эшреф Джерраде, қордың жобалар директоры Ала Абу Хашим, сондай-ақ жергілікті билік өкілдері мен ата-аналар қатысты.

Махмуд Матар жаңа мектепті білім беру жүйесінің қиын кезеңіндегі үміт сәулесі деп атады. Оның сөзінше, Израильдің шабуылдары салдарынан 20 мыңнан астам оқушы мен 1200-ден аса білім саласының қызметкері опат болған. Оқу орындарының 92 пайызына зақым келген. Сектордағы білім беру жүйесін қалпына келтіруге жоқ дегенде бес жыл қажет екені белгілі болды.

Газа қаласының әкімі Яхья ас-Серрадж Түркияға алғыс білдіріп, бұл мектеп Газа секторының солтүстігіндегі қираған аймақтарда білім беруді қайта жандандыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Ал İHH жобаларының директоры Ала Абу Хашимнің айтуынша, бұл Газа секторының солтүстігіндегі толығымен ағаштан салынған алғашқы мектеп. Жоба Палестина халқына гуманитарлық әрі моральдық қолдау аясында іске асқан. Осылайша Түркияның қолдауымен қолға алынатын білім беру бастамаларының бастауы болмақ.

Жаңа мектеп 8 сынып бөлмесінен тұрады және онда 1200-ге жуық оқушы білім алады.