Тәжікстанда жер сілкінісі соңғы рет 9 қаңтарда тіркелген еді.
Фото: Анадолы
ERNUR.KZ. Жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Астана уақытымен сағат 4:32-де (Гринвич бойынша 27 қаңтар күні сағат 23:32) Тәжікстан аумағында тіркелді, деп жазады inform.kz.
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, зілзала ошағының бағыты 38.31 градус солтүстік ендік, 73.82 градус шығыс бойлықта жатыр.
Магнитудасы mpv=4.2.
Энергетикалық класы K=11.6.
Тереңдігі h=184 шақырым.
Тәжікстанда жер сілкінісі соңғы рет 9 қаңтарда тіркелген еді.


