Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алтын бағасы өзгерді

0
96

Таяу Шығыстағы қақтығыстың одан әрі ушығуы мүмкін деген қауіп алтын бағасының өсуіне әсер етіп отыр.


Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алтын бағасы өзгерді

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Жұма күні таңертең биржада алтынның құны Таяу Шығыстағы қақтығыстың одан әрі ушығуы мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты өсе бастады, деп жазады zakon.kz.

Oxu.Az деректеріне сүйенсек, бұл сауда нәтижелері мен сарапшылар пікірінен белгілі болды.

Қазақстан уақытымен сағат 11:12-дегі жағдай бойынша, Нью-Йорктегі Comex биржасында сәуір айына арналған алтын фьючерстерінің бағасы алдыңғы жабылу көрсеткішінен 45,7 доллар немесе шамамен 0,9% өсіп, бір трой унциясы 5 124,4 доллар болды.

Ал мамыр айына арналған күміс фьючерстері 2,26% қымбаттап, бір унциясы 84,035 долларға жетті.

Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы қақтығыстың одан әрі ушығуы мүмкін деген қауіп алтын бағасының өсуіне әсер етіп отыр. Геосаяси тұрақсыздық жағдайында инвесторлар бағалы металдарға көбірек инвестиция құйып, оларды сенімді қорғаныс активі ретінде қарастырады.