Таяу Шығыстағы шиеленістен Германияда дизель отыны қымбаттап жатыр

0
91

Баға өсіміне мұнайдың қымбаттауы да ықпалын тигізеді.


Таяу Шығыстағы шиеленістен Германияда дизель отыны қымбаттап жатыр

ERNUR.KZ. Германияда дизель отынының бағасы кезекті рет тарихи рекорд жаңартты, деп жазады inbusiness.kz.

Германияда дизель отыны екі күн қатар қатарынан тарихи ең жоғарғы межеге жетті. Ел бойынша дизельдің бір литрі орта есеппен 2,47 еуроға дейін қымбаттады. Бұрын оның бағасы 2,45 еуро болған. Енді 50 литр үшін 123,5 еуро төлеуге тура келеді. Бағаның шарықтауына Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс пен мұнайдың қымбаттауы әсер етіп отыр.

Фридрих Мерц үкіметі рекордтық баға аясында жүргізушілерге қолдау көрсету тетіктерін пысықтап жатыр. Христиан-демократиялық одағының бас хатшысы Франциска Хопперманның сөзінше, отын бағасы литріне 21-25 центке арзандаса, халыққа айтарлықтай жеңіл болар еді. Билік бұл мәселені қазан айының басында қарастыруға ниетті.

Христиан-демократиялық одағы энергетикалық салықты немесе отынға салынатын қосылған құн салығын төмендеткен дұрыс деп санайды. Ал Германия социал-демократиялық партиясының өкілі, Қаржы министрі Ларс Клингбайль мұнай компанияларының үстеме пайдасына арнайы салық енгізуді қолдап отыр.

Айта кету керек, бұған дейін Польша компаниясы Қазақстан мұнайына бет бұрғанын жазғанбыз.