Жақында Таяу Шығыста болған “қанды жаңбыр” туралы Жаңа Өсиетте айтылған екен.
Фото: Daily Mail.com
ERNUR.KZ. Таяу Шығыста 16 желтоқсанда жауған “қанды жаңбыр” ақырзаманның белгісі деп танылды, деп жазады stan.kz.
Жақында Таяу Шығыста болған “қанды жаңбыр” туралы Жаңа Өсиетте айтылған екен.
Басылым мәліметінше, қанға боялған өзендер мен су қоймалары Інжілде әлемнің соңы белгісі ретінде аталған. Бұл туралы Иоанн Богословтың “Ашылу кітабының” 16-тарауында баяндалған дейді:
“Бірінші періште келіп, өз құмын жерге төкті. Сол сәтте “жануар таңбасын алған” және оның бейнесіне табынатын адамдарда қатты, жағымсыз іріңді жаралар пайда болды. Екінші періште өз құмын теңізге төкті. Теңіз қанды болып, онда тірі жан қалмады. Үшінші періште өз құмын өзендер мен бұлақтарға төкті. Су қанға айналды”, – делінген кітапта.
Мұндай талқылауға Ирандағы Ормуз аралында жауған жаңбыр себеп болды. Ұзақ жауған жауын салдарынан жағалаудың бір бөлігі қою қызыл түске боялған. Бұл ерекше құбылыс Парсы шығанағындағы “Қызыл жағажайда” тіркелген.
France24 телеарнасының мәліметінше, бұл табиғи құбылыс биологиялық факторлармен байланысты емес. Мамандардың айтуынша, судың және құмның қызыл түсі арал топырағындағы темір оксидінің көптігіне байланысты. Күшті жаңбыр кезінде минерал бөлшектері теңізге шайылып, жағалауды қызыл түске бояйды.


