Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды

0
124

10 мыңнан астам қазақстандық отанына оралды.


Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды

© Photo : РСК Мангистауской области

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялаудың аяқталғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Барлығы 10 275 адам Отанына қайтарылды.
"Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды. Өңірдегі дипломатиялық өкілдіктер жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, азаматтарға қажетті көмек көрсетті", - делінген хабарламада.
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Отанына қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдар мен шетелдік әріптестерге алғыс білдірді.