Тәуелділік пен обыр қаупі бар: Ресейде оқушылар арасында қауіпті жаңғақ трендке айналды

0
91

​Ресейлік оқушылар арасында қауіпті «есірткі әсерлі» жаңғақ кең таралуда.


Тәуелділік пен обыр қаупі бар: Ресейде оқушылар арасында қауіпті жаңғақ трендке айналды

Фото: Baza

ERNUR.KZ. Ресейде мектеп оқушылары психикаға әсер етіп, тәуелділік пен ауыз қуысы обырын тудыруы мүмкін қауіпті жаңғақты жаппай сатып алып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Baza мәліметінше, бұл – бетель жаңғағы (немесе бинлан деп те аталады). Ол «масайтатын» әсеріне байланысты жастар арасында жылдам танымал болған. Жасөспірімдер бұл азиялық жаңғақты маркетплейстер мен үндістандық дүкендерден сатып алуда. Бағасы – мың рубльден аспайды.

Мамандардың айтуынша, бинлан жүйке жүйесіне теріс әсер етеді, себебі оның құрамында психоактивті ареколин заты бар. Ол дене қызуын көтеріп, сананың тұмандануына әкеледі.

Азияның кей елдерінде, мысалы, Тайвань мен Қытайда, үкімет бетель жаңғағына қатысты жарнамалар мен сатылымдарды шектеген. Себебі бұл өнімді жиі пайдаланатындар арасында ауыз қуысы қатерлі ісігі жағдайлары көбейген.