Ташкентте ірі базар толығымен жанып кетті

0
133

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер жоқ.


Ташкентте ірі базар толығымен жанып кетті

Сурет: Telegram/oblakouz

ERNUR.KZ. Бүгін, 11 тамызда, түнде Өзбекстанның астанасы Ташкентте алапат өрттің салдарынан "Уч Кахрамон" базары толығымен жанып кетті, деп жазады zakon.kz.

Oblakouz Telegram-арнасының мәліметінше, өрт 02:22-де басталған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеті минуттан кейін келген, тілсіз жауды ауыздықтауға 10 экипаж атсалысқан.

Қызыл жалын 03:24-ке дейін сөндірілген, ал толықтай 04:46-да өшірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.