Әйел қызын ас үй пышағымен бірнеше рет жарақаттаған.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. 2022 жылдың қаңтарында Ташкент қаласының тұрғыны туған қызын аюдың вольеріне тастаған болатын. Ол кезде қыз тірі қалған, ал анасы мәжбүрлі емдеуге жіберілген еді. Алайда дәрігерлердің көмегі нәтиже бермеген сыңайлы. 2025 жылдың қыркүйегінде әйел қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп жазады zakon.kz.
Gazeta.uz дерегінше, әйел қызын ас үй пышағымен бірнеше рет жарақаттаған. 7 жастағы бала оқиға орнында қаза тапты.
Биыл тамыз айында әйел психоневрологиялық диспансерден амбулаториялық бақылаумен шығарылған. Оның жағдайын бақылаған мамандар әйелдің сауығып келе жатқанын айтқан.
Бұл оқиғаға байланысты Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғағанын мәлімдеді. Ұсталған әйелдің тағы бір баласы – ұлы бар екені белгілі.
Айта кетейік, 2025 жылдың 26 шілдесінде Өзбекстанның Самарқанд облысында 34 жастағы әнші, Zeboyi Jahon сахналық есімімен танымал Зебинисо Носирова қаза тапқан еді.