Пойыз 7 вагоннан тұрады және бір уақытта 342 жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.
Фото: Татар информ
ERNUR.KZ. COVID-19 пандемиясынан туындаған бес жылға жуық үзілістен кейін, Өзбекстан астанасы мен Қазан қаласы арасындағы теміржол бағыты қайта ашылды, деп жазады inbusiness.kz.
"Ташкент пен Қазан арасындағы теміржол қатынасы қайта басталды. 21 желтоқсанда Ташкент – Қазан – Ташкент бағыты бойынша пойыз Ташкент Орталық вокзалынан жолға шықты", – делінген ресми хабарламада.
Белгіленген қозғалыс кестесіне сәйкес, №315 Ташкент – Қазан пойызы 21 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:55-те аттанып, Қазанға 24 желтоқсанда сағат 13:47-де жетеді.
Кері бағыттағы №316 Қазан – Ташкент құрамы бейсенбі күні сағат 10:33-те жолға шығып, Өзбекстан астанасына жексенбі күні сағат 04:32-де жетеді. Уақыт жергілікті сағатпен көрсетілген.
Пойыз 7 вагоннан тұрады және бір уақытта 342 жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.
Бағыт бойынша рейстер күн сайын қызмет көрсетеді.


