Сирияда тойда жарылыс болып, 33 адам зардап шекті

0
116

Белгісіз біреулер той өтетін жерге екі граната лақтырып, келген қонақтарды жаралаған.


Сирияда тойда жарылыс болып, 33 адам зардап шекті

Фото: Report

ERNUR.KZ. Сирияның оңтүстігіндегі Дараа провинциясындағы Абидин ауылында үйлену тойына гранатамен жасалған шабуылдан 33 адам зардап шекті, олардың арасында балалар да бар, деп жазады inform.kz.
Мәліметтерге қарағанда, белгісіз біреулер той өтетін жерге екі граната лақтырып, келген қонақтарды жаралаған.
— Жарақат алғандардың жағдайы жеңіл, не болмаса ауыр деп айтуға келмейді. Барлығы қалыпты жағдайда. Тек бір адамның аяғын кесуге тура келген, — дейді жергілікті шенеунік.
Оқиға бойынша тергеу басталды, құқық қорғау органдары жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.