Швейцарияда 80-ге жуық жолаушысы бар пойыз рельстен шығып кетті

0
78

​Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр.


Швейцарияда 80-ге жуық жолаушысы бар пойыз рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. Швейцарияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Апат салдарынан зардап шеккендер болуы мүмкін, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Daily Mail газеті хабарлайды.

Пойыз апаты болды. Зардап шеккендер болуы ықтимал. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр, – деп хабарлады полиция.

Басылымның материалында Вале кантонындағы Гоппенштайн маңында рельстен шығып кеткен пойызда 80-ге жуық адам болғаны айтылған. Апатқа қар көшкіні себеп болуы мүмкін.

Оқиғадан кейін осы желідегі пойыздар қозғалысы тоқтатылғаны жарияланды.