Шіркеуде Никол Пашинянға шабуыл жасамақ болғандардың әрекеті видеоға түсіп қалды

0
88

Күдіктілердің бірі жексенбілік діни рәсімнен кейін шіркеуден шығып келе жатқан Никол Пашинянға шабуыл жасауға әрекеттенген.


Шіркеуде Никол Пашинянға шабуыл жасамақ болғандардың әрекеті видеоға түсіп қалды

Сурет: akorda.kz

ERNUR.KZ. Арменияда ел премьер-министрі Никол Пашинянға шабуыл жасау әрекетіне байланысты үш адам ұсталды. Бұл туралы республика ІІМ-нің баспасөз хатшысы Нарек Саркисян мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, ұсталғандар барлық қажетті құжаттармен бірге Тергеу комитетіне тапсырылған.

"Бүгінгі оқиғадан кейін Ішкі істер министрлігінің полиция қызметкерлері бұзақылық және лауазымды тұлғаның заңды қызметіне, сондай-ақ саяси қызметіне кедергі келтіру күдігімен үш адамды ұстады", – деді Нарек Саркисян.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілердің бірі жексенбілік діни рәсімнен кейін шіркеуден шығып келе жатқан Никол Пашинянға шабуыл жасауға әрекеттенген. Оқиға Facebook желісіндегі тікелей эфир кезінде камераға түсіп қалған. Ал қалған екі күдіктінің әрекеттері видеоға түспеген.