Шавкат Мирзиёев өз қызын лауазымды қызметке тағайындады

0
136

Өзбекстан президентінің әкімшілігінде жаңа лауазым енгізілді.


Шавкат Мирзиёев өз қызын лауазымды қызметке тағайындады

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ел басшысы әкімшілігінің құрылымына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Президент әкімшілігіне жаңа лауазым – Президент әкімшілігінің басшысы енгізілді. Бұл қызметке мемлекет басшысының үлкен қызы – Саида Мирзиёева тағайындалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұған дейін Саида Мирзиёева президенттің көмекшісі қызметін атқарған болатын.

Саида Мирзиёева 2022 жылдың қарашасынан бері Президент әкімшілігінің атқарушы аппаратында коммуникация және ақпараттық саясат мәселелері бойынша секторды басқарған.

Саида Мирзиёева – Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің түлегі. Сонымен қатар, ол Ташкент мемлекеттік заң университетінде және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде магистрлік білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.