Рютте Украинадағы қақтығысты аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

0
91

Ресей басшысы Владимир Путин Мәскеудің қолында америкалық жоспардың мәтіні бар екенін, бірақ әлі егжей-тегжейлі талқылағанбағанын атап өтті.


Рютте Украинадағы қақтығысты аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

фото: Sputnik / Стрингер

ERNUR.KZ. НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Украинадағы қақтығыс осы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол El País басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Ол журналистің сұрағына оң жауап бере отырып, болжам жасаудың қиын екенін жасырмады.
"Болжау әрдайым қиын, бірақ мен шын жүректен жақын арада бейбітшілік орнайды деп үміттенемін. Әрине, Женевадағы келіссөздерден кейін тағы бірнеше кездесу өткізу қажет, сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша ЕО және НАТО-мен бөлек, параллель талқылаулар жүргізілуге тиіс. Біз әлі оған жеткен жоқпыз", — деді ол.
Өткен аптада Ақ үй Украинадағы жағдайды реттеу бойынша бастама дайындап жатқанын хабарлады.
Ресей басшысы Владимир Путин Мәскеудің қолында америкалық жоспардың мәтіні бар екенін, бірақ әлі егжей-тегжейлі талқылағанбағанын атап өтті. Президент бұл құжат түпкілікті реттеудің негізі болуы мүмкін екенін айтты.