Roblox ойын платформасында балалар жыныстық сипаттағы контентті еркін тұтынған

0
79

​Платформаны 80 млн адам қолданған.


Roblox ойын платформасында балалар жыныстық сипаттағы контентті еркін тұтынған

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. Әлемдегі ең танымал ойын платформаларының бірі Roblox-та балаларға бөтен ересектермен сөйлесуге тыйым салынды. Бұл шара Австралия, Жаңа Зеландия және Нидерландыда іске асқан, жаңа жылдан бастап басқа елдерге де қолданылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ВВС-дің жазуынша, енді платформада әр қолданушының жасы тексеріледі. АҚШ-тың бірнеше штатында Roblox-қа шағым түскен. Платформа кәмелетке толмаған балаларға жыныстық сипаттағы контент тұтынуға және ересектермен еркін сөйлесуіне мүмкіндік берген.

Roblox қосымшасында жасын тексеру үшін камера арқылы бет сканері қолданылады. Бұл жүйе 5-тен 25 жасқа дейінгі пайдаланушылардың жасын шамамен 1–2 жыл дәлдікпен анықтай алады. Пайдаланушылар мынадай жас топтарына бөлінеді:

  • 9 жасқа дейін
  • 9–12 жас
  • 13–15 жас
  • 16–17 жас
  • 18–20 жас
  • 21+

Қолданушылар тек өз жас тобына сәйкес адамдармен сөйлесе алады, тек «сенімді байланыс» функциясын пайдалану арқылы басқа адамдарға қосыла алады. 13 жасқа дейінгі балаларға жеке хабарламалар мен кейбір чаттарға ата-анасының рұқсаты сұралады.

2024 жылы Roblox платформасын күнделікті 80 миллионнан астам адам пайлаланған, олардың шамамен 40%-ы 13 жасқа дейінгі балалар болды.