Ресейдегі жаппай төбелес: СІМ жаңа мәліметтерді жариялады

0
90

СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың растауынша,26 наурызда Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде жанжал шыққан, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.


Ресейдегі жаппай төбелес: СІМ жаңа мәліметтерді жариялады

Видео кадры

ERNUR.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейде Ленинград облысындағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді. Онда Қазақстан азаматтары да болған, - деп жазадыTengrinews.kz.

СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың растауынша,26 наурызда Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде жанжал шыққан, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.

"Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объектив анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процестік әрекеттерді жүзеге асырды. Жанжалға қатысқандар ұсталды", - делінген хабарламада.

Қазір тергеу шаралары жалғасып жатыр.Рейтинг организации

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Қазақстан азаматтарының арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатқызу қажет адамдар жоқ", - деп атап өтті Жетібаев.

Сондай-ақ, оқиға орнындағы жағдай тұрақты екені және құзырлы қызметтердің бақылауында тұрғаны айтылды.

Ведомство өкілдері Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулдығы қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста екенін қосты.

Бас консул Қазақстан азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсету және оқиғаның барлық мән-жайын нақтылау үшін оқиға орнына барған.