Ресей Орталық сайлау комиссиясы Дума сайлауының қорытындысын шығарды

0
100

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Дума сайлауын елдің ішкі саяси өміріндегі маңызды оқиға деп атаған.


Ресей Орталық сайлау комиссиясы Дума сайлауының қорытындысын шығарды

фото: Sputnik / Александр Иванов

ERNUR.KZ. "Біртұтас Ресей" партиясы Мемлекеттік Думада 349 мандат иеленді. Бұл туралы Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

18-20 қыркүйек аралығында Мемлекеттік Думаның тоғызыншы шақырылым депутаттарын сайлау және онымен қатар басқа да сайлаулар өтті. 2026 жылғы бірыңғай дауыс беру күнінде барлығы 20,7 мың депутаттық мандат пен сайланбалы лауазым алмастырылды.

"Біртұтас Ресей" 349 мандат алды: оның 140-ы федералдық округ бойынша, 209-ы бір мандатты сайлау округтері бойынша", - деді Памфилова ОСК отырысында.

Қалған партиялар мынадай мандаттарға ие болды:

"Жаңа адамдар" – 19 мандат;
ЛДПР – 23 мандат;
"Әділетті Ресей" – 17 мандат;
КПРФ – 37 мандат;
"Родина" – 1 мандат.
Сондай-ақ Мемлекеттік Думада төрт мандатты өзін-өзі ұсынған кандидаттар иеленді.
Мемлекеттік Дума депутаттарын сайлауға 59,8%-дан астам сайлаушы қатысты. Бұл – 67,4 миллионнан астам адам.
"Сайлауға 59,8%-дан астам, яғни шамамен 60% сайлаушы қатысты. Нақты айтқанда, 67 миллион 448 мың 94 адам дауыс берді. Бұл соңғы үш парламенттік науқандағы рекордтық көрсеткіш", — деді Памфилова.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Дума сайлауын елдің ішкі саяси өміріндегі маңызды оқиға деп атаған.