Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 47 млрд долларға жетті

0
93

Бұл туралы елдің экономика және қаржы министрлігінің ресми статистикасында айтылған.


Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 47 млрд долларға жетті

Фото: istockphoto.com / Lukas Bischoff

ERNUR.KZ. Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 46,985 млрд доллар болды. Бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 26,6 пайызына тең, деп жазады inbusiness.kz.

Көрші елдің сыртқы қарызы 39,7 миллиард долларға жетті, ол жалпы мемлекеттік берешектің 85 пайызына тең. Ішкі қарыз 7,2 миллиард доллар деңгейінде тіркелді, бұл жиынтық мемлекеттік борыштың 15 пайызына және ЖІӨ-нің 4,1 пайызына сәйкес келеді.

Сыртқы берешектің валюта құрылымы міндеттемелердің басым бөлігі шетел валютасында алынғанын көрсетеді. Шетел валютасындағы қарыз 38,690 миллиард доллар немесе жалпы мемлекеттік борыштың 82 пайызы болды. Ұлттық валютадағы міндеттемелер 1,085 миллиард доллар деңгейінде тұрақтады, бұл бар болғаны 2 пайыз деген сөз.

Ішкі қарыздың валюта құрылымына келсек, ұлттық валютадағы міндеттемелер 4,621 миллиард доллар болып, жиынтық мемлекеттік берешектің 10 пайызына тең болды. Шетел валютасындағы ішкі қарыз 2,588 миллиард долларға жетіп, 6 пайызды құрады.

Дүниежүзілік банк халықаралық қаржы ұйымдарының ішінде негізгі несие беруші болып отыр.