​Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас орналасқан облысында жер сілкінді

0
87

Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы - 4, ал іргелес Бұхара облысының Гиждуан ауданында 2-3 балл болды.


​Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас орналасқан облысында жер сілкінді

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Науаи облысына қарасты Кинемех ауданында жер сілкінді, деп жазады inform.kz.

Өзбекстан Сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, жерасты дүмпуі бүгін сағат 9:14-те тіркелді.

Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы - 4, ал іргелес Бұхара облысының Гиждуан ауданында 2-3 балл болды.
Айта кетейік, Науаи өңірі Қазақстанның Қызылорда облысымен шекаралас орналасқан.
Қоса кетсек, 1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда күші 6 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан 2200-ден астам адам қаза тапты.