Өзбекстанның алтын-валюта қоры тарихи рекорд жаңартты

0
143

Бұл жаңалықты Өзбекстанның орталық банкі таратты.


Өзбекстанның алтын-валюта қоры тарихи рекорд жаңартты

Фото: kun.uz

ERNUR.KZ. Өзбекстанның алтын-валюта резерві алғаш рет тарихта 59 миллиард АҚШ долларынан асты, деп жазады inbusiness.kz.

Қараша айының басында елдің резерв көлемі 59,3 миллиард долларға жетіп, бір ай ішінде 4 миллиард доллар артқан. Қазан айында бұл көрсеткіш 54,9 миллиард доллар деңгейінде болған.

Резервтердің негізгі бөлігі – алтын. Оның физикалық көлемі өзгеріссіз – 11,9 миллион трой унция деңгейінде қалғанымен, әлемдік нарықтағы бағаның өсуіне байланысты оның құны 47,8 миллиард долларға дейін көтерілген.

Валюталық активтер шетел валютасы мен өтімді қаржы құралдарын қоса алғанда 9,8 миллиард долларды құрап отыр.