Өзбекстанда туыстар арасындағы неке үшін жаза қатаңдатылады

0
164

Таяуда тиісті заң жобасы әзірленді.


Өзбекстанда туыстар арасындағы неке үшін жаза қатаңдатылады

Фото: xabar.uz

ERNUR.KZ. Өзбекстанда неке жасына толмаған адаммен отабсын құрғандарға қатысты жазаны қатаңдату жоспарланып отыр, деп жазады inform.kz.

Әділет министрлігінің мәліметінше, таяуда тиісті заң жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, енді ерте неке үшін 50-100 база есептік шама аралығында (880 мың теңгеден 1,8 млн теңгеге дейін) айыппұл салынады немесе 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ, осындай әрекетке барғандар 2 жыл түзету жұмыстарын орындауға міндеттеледі.

Қазірге заңнамаға сай, осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін 20-30 базалық есептік шама аралығында айыппұл салынады немесе 240 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады.
Мұнымен бірге, тиісті құжатпен туыстар арасындағы некеге тыйым салу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, аға мен жиен, әпке мен жиен және бөлелердің өзара отбасын құруына шектеу қойылады. Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың бірі асыранды болған жағдайда некеге рұқсат берілуі ықтимал.